• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АШМ-де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты кеңес өтті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы баға тұрақсыздығы мен оларды тұрақтандыру шараларына арналған бірлескен кеңес өткізді.

Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрі елімізде ішкі нарықты және экспортты қамтуға жеткілікті көлемде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірілетінін атап өтті.

«Алайда, соған қарамастан, 2025 жылдың басында біз көкөніс өнімдеріне, әсіресе маусымаралық кезеңде, бағаның айтарлықтай өсуін тіркедік. Бұл жағдайдың негізгі себептері — маусымаралық кезеңге арналған тұрақтандыру қорларының қорын қалыптастырудағы әлсіз жұмыс, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) тарапынан импорттық көкөністерді сатып алудың ұйымдастырылмауы, делдалдарды жою бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз әрекеті. Бағаны тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков пен Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова бағаның өсуіне әсер еткен мәселелерді баяндады. Атап айтқанда —ӘКК-де көкөніс қорының жеткіліксіздігі, ерте өнімге келісімшарт жасау көлемінің аздығы, белгіленген сауда үстемесінің асып кетуі, сондай-ақ Атырау, Алматы және Жетісу облыстарындағы өңірлік комиссиялардың жұмыс сапасының төмендігі айтылды.

Айдарбек Сапаров ұйымдасқан шаруашылықтарда, соның ішінде үш дәнді дақыл егетін өңірде картоптың егіс алқаптарын кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Сондай-ақ қажетті көлемде бидай мен қант сатып алуды уақытылы ұйымдастыру тапсырылды.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоаралық үйлестіруді күшейту мен бөлшек сауда саласындағы, әсіресе баға белгілеу және жеткізу тізбегінің ашықтығы бойынша бақылауды арттырудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ импорт көлемінің өсуі жағдайында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін атап өтті.

Кеңесте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының негізсіз өсуі тіркелген өңірлердің өкілдері де тыңдалды.

«Біз ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде азық-түлік өндіреміз. Бұл бағаның тұрақтылығының негізі болуы тиіс. Алайда жергілікті жерлердегі нақты үйлестіру мен жедел әрекетсіз кез келген тетік тиімсіз болады», — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров, барлық тұрақтандыру шаралары нақты әрі уақтылы жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салды.

  • 22.05.2025
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика