- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғары заң оқу орындары өкілдерімен кездесу өтті
Бүгін прокуратура-сот жүйесі үшін мамандар даярлайтын Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жоғары оқу орындары делегацияларының өкілдерімен кездестім. Кездесу барысында прокурорларды даярлау саласындағы озық тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Мен түркі елдері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өттім. Құқықтық кадрларды даярлау тәсілдерін жетілдіру, құқық қолдану саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу және заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілету қажеттігіне назар аудардым. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар түркі халықтарын біріктіретін достық, өзара құрмет және бауырластық рухында заңгерлік білім беру саласындағы интеграцияны одан әрі тереңдетуге ниетті екендіктерін растады.
- 23.05.2025
- 25