• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Қызылорда облысындағы шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарының барысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, шегірткеге қарсы күрес шараларының барысымен танысты.

Арал ауданында министр ауыл тұрғындарымен, фермерлермен және мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Министрге облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатқаны, техника мен препараттардың жеткілікті екені баяндалды.

Жалпы, өңірде итальян шегірткесінің таралуын анықтау мақсатында 448,3 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның 19 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асып кеткені анықталған. Қазіргі таңда 11,2 мың гектар алқап өңделді. Өңделіп жатқан аумақтардың басым бөлігі Арал ауданына тиесілі.

Өңдеуге заманауи агрохимиялық препараттар, 20-дан астам арнайы техника тартылған. Атап айтқанда, 4 әуе кемесі, 12 жерүсті агрегаты, 5 дрон және басқа да жабдықтар жұмылдырылған.

"Өңірге егіс науқанының барысымен танысып, шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексеру үшін келдім. Мердігер компаниялар ұшақпен өңдеуге ауа райы қолайсыз деген уәж айтуда, бірақ бұл сылтау болмауы керек. Барлық өңдеу жұмыстары уақытында және сапалы жүргізілуі тиіс. Мердігерлер бақылауды күшейтіңіздер. Қажет болса, техника мен өңдеу көлемін арттырсын. Препараттар жеткілікті. Егер жұмысты уақытылы орындамаса, тиісті шараларды қолданыңыздар. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек. Бұл мәселе  бақылауда тұр", – деді Айдарбек Сапаров.

Министр бұған дейін Түркістан және Жамбыл облыстарында да өңдеу жұмыстарының барысымен танысқанын атап өтті.

Түркістан облысында өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын – 370,57 мың гектар жер қамтылып, қазір тазарту шаралары жүргізілуде. Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы 26,4 мың гектар, ал итальян шегірткесіне қарсы 18 мың гектар алқап өңделіп жатыр. Ақтөбе облысында 41,8 мың гектар жер өңделген.

Еліміз бойынша шегірткемен залалдану болжамы – 2,1 млн гектарды құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.

Бүгінде өңдеуге жататын 607,3 мың гектардың 561,2 мың гектары өңделді. Елдің 14 өңірінде 443 техника бірлігі жұмыс істеп, 4 600-ден астам маман тартылған.

Сапар аясында Қызылорда және Ақтөбе облыстарының өкілдерінің қатысуымен көшпелі жұмыс кеңесі өтіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Министр мониторингті күшейту, ықтимал ошақтарды өңдеуді кеңейту және жеткізушілер жұмысына бақылау жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

  • 27.05.2025
  • 18
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика