- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
2025 жылғы 28 мамырда Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық топтың (ЕАГ) 42-ші Пленарлық апталығы аясында IV Парламентарийлер форумы өтті
Аталған форум дәстүрге сай Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдердің парламент өкілдерін, қаржылық барлау бөлімшелерін, сондай-ақ ұлттық «жылыстатуға қарсы» жүйелердің басқа да қатысушыларын біріктірді.
Форум барысында парламентарийлер FATF стандарттарына енгізілген жаңартылған талаптарды іске асыру және өзара бағалаудың жаңа кезеңіне дайындық тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан атынан форумға ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Б. Орынбеков қатысты. Ол өз сөзінде ЕАГ-тың екінші раундтық өзара бағалауы нәтижесінде халықаралық сарапшылар анықтаған олқылықтарды жою мақсатында елімізде жүргізіліп жатқан заңнамалық жұмыс туралы баяндады.
Айта кету керек, Қазақстан 2023 жылы өзара бағалаудан өткен сәттен бастап FATF стандарттарына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, бұл өзгерістер жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалауға, коммерциялық емес ұйымдардың терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланылуына жол бермеуге және активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар ҚЖ/ТҚҚ (қаражатты жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл) саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау арқылы жаһандық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күш-жігерін жалғастыруға ниетті екендерін растады.
- 29.05.2025
- 21