- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қымбатты аналар, аяулы арулар, Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 8 наурыз – жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты жылылыққа толы күн. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғап, ерлермен бірге ерлік жасаған. Бесік тербейтін де, ұлтымызды сақтайтын да – әйел, келін, ана. Сондықтан, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бауырларыңызға бүтіндік тілеймін!
- 08.03.2021
- 242