- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстандық делегация Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы (MENAFATF) мен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ (ЕАГ) ұйымдастырған қадағалау органдары мен жеке сектор өкілдерінің бірлескен форумына қатысты
Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), сондай-ақ жеке сектордың – «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Jusan Invest» АҚ өкілдері енді.
Форумның «Жаңа технологиялар дәуіріндегі тәуекелдерді басқару» тақырыбы цифрландырудың дамуы жағдайында қаржы барлау қызметтері, реттеуші органдар мен қаржы ұйымдарының комплаенс-бөлімшелері бетпе-бет келіп отырған негізгі үрдістер мен сын-қатерлерді айқындады.
Бұдан бөлек, ЕАГ Пленарлық апталығы аясында Агенттік делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаменті өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл құжат экономикалық қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру бағытында ақпарат алмасу, бірлескен бастамалар мен іс-шараларды жүзеге асырудың негізін қалайды.
Құжатқа қол қою екі тараптың құқық қорғау органдары арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл тетігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Жекелеген кездесулер Үндістан мен Катардың қаржы барлау бөлімшелерімен, сондай-ақ MENAFATF вице-президенті және атқарушы хатшысымен өткізілді. Кездесулер барысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ҚЖҚ/ТҚҚ) саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар «ақша жылыстатуға қарсы» саладағы конструктивті диалогты дамытуға және әріптестікті нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.
Кездесулер өзара түсіністік жағдайында өтіп, елдердің басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылысын айқын көрсетті.
- 30.05.2025
- 32