- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Бүгін қаламызда өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында аталған маңызды құжат мақұлданды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тұжырымдамада қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған тиімді шаралар кешені қамтылғанын атап өтті. Ондағы маңызды мәселе – Шымкенттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Саламатты қалалар» Еуропалық желісіне қосылуы. Бұл - 30 жылдан астам уақыт бойы 30-дан астам елдегі 100-ден аса қаланы қолдаған бірегей платформа.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков өз кезегінде маңызды іс-шараның Шымкентте ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып, материалдық – техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуда нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың денсаулығын нығайтуда бұқаралық спортты дамытудың да маңызы зор. Соңғы жылдары қаламызда тұрғындардың серуендеуіне арналған алаңдар, дене шынықтыру нысандары көптеп пайдалануға берілуде.
- 03.06.2025
- 33