• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Х.Шумен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолян Шу Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) мен БҰҰДБ арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижелері мен перспективаларын талқылады.

ЕХӘҚМ басшысы БҰҰДБ-ның Қазақстандағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы мен қызметі кедейшілікті төмендетуге, мүгедектер мен халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қамтамасыз етуге, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуға бағытталған ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруда әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге ықпал еткенін атап өтті.

Жақыпова БҰҰДБ-мен тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру республикадағы әлеуметтік-еңбек саласының тиімді дамуына жол ашатынын жеткізді.

Сондай-ақ Еңбек министрлігінің басшысы ведомствоның цифрлық шешімдерін, атап айтқанда, азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына деген қажеттіліктерін белсенді түрде анықтауға және оны жедел көрсетуге мүмкіндік беретін Цифрлық отбасы картасы, сондай-ақ мүгедектерді техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен ыңғайлы және қолжетімді форматта қамтамасыз ету платформасы – Әлеуметтік қызметтер порталын көрсетті.

Өз кезегінде Хаолян Шу да БҰҰДБ мен ЕХӘҚМ бірлескен жұмысын жоғары бағалап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын дамытуға қызығушылық танытты, сондай-ақ министрліктің озық цифрлық шешімдерін оң бағалап, олардың әлеуметтік қолдаудың заманауи және инклюзивті жүйесін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес Қазақстанда адам құқықтарына негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту бойынша ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

  • 04.06.2025
  • 39
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика