• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан және Үндістан энергетика, фармацевтика және жоғары технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жетекші үнді компанияларының өкілдері – «Tata Sons Private Limited» компаниясының бизнесті дамыту және корпоративтік байланыстар жөніндегі президенті Сучарита Чоудари, «MSN Group» фармацевтикалық корпорациясының атқарушы директоры Нихил Редди, «Vishwa Samudra Group» инфрақұрылымдық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Сасидхар Чинта мен «Greenko Group» энергетикалық компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.

С.Чоударимен кездесу барысында Министр энергетика, автокөлік өндірісі, финтех, металлургия және ақпараттық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Қазақстан тарапы шетелдік инвесторларға ұсынылатын салықтық және кедендік жеңілдіктерді, инфрақұрылымдық қолдауды қамтитын преференциялар пакетімен таныстырды. Автокомпоненттерді жергіліктендіру, металлургияны дамыту, экологиялық көлік пен «Astana Hub» және «Digital Almaty» алаңдары арқылы цифрландыру мәселелері талқыланды. «Tata Group» энергетика (оның ішінде жаңартылатын энергия көздері), сирек жер металдарын өндіру, туризм, болат және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ автокөлік құрастыру салаларындағы жобаларға қызығушылық білдірді. «Tata Power» компаниясына жаңартылатын энергия жобаларын дамытуға қатысу ұсынылды.

Н.Реддимен өткен келіссөздерде Алматы облысында «Медсервис Плюс» компаниясымен бірлесіп фармацевтикалық зауыт салу мәселесі талқыланды, аталған жобаның инвестиция көлемі шамамен 60 млн АҚШ долларын құрайды. Қазақстан СІМ басшысы алдағы жылдары дәрілік заттарды 50% деңгейінде жергіліктендірудің маңыздылығына назар аударды. Қолдау шаралары аясында ұзақмерзімді келісімшарттар, 2024 жылғы шілдеден бастап міндетті таңбалау, сондай-ақ 300 мың долларынан жоғары инвестиция құйған инвесторларға арналған 10 жылға дейінгі «алтын виза» мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар технология трансфері мен Қазақстанда толық өндірістік цикл құру мәселелері қаралды.

«Vishwa Samudra Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы С.Чинтамен өткен кездесуде Ақтау халықаралық теңіз портын жаңғырту және кеңейту бойынша жобаларға аталған компанияның қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ Орта дәлізді дамыту аясындағы ынтымақтастық талқыланды. Министр технологиялық тұрғыдан сенімді әрі жоғары білікті серіктестермен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, көлік, порт және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Greenko Group» компаниясының басшылығымен өткен сұхбат жаңартылатын энергия көздері, күн және жел генерациясы, сондай-ақ жасыл сутегі өндіру салаларындағы ынтымақтастыққа арналды. Тараптар Қазақстанның табиғи ресурстары мен Үндістанның технологияларын біріктіру арқылы энергетикалық ауысымды жеделдетуге өзара қызығушылық білдірді. Компания технология трансферіне, бірлескен кәсіпорындар құруға және Қазақстандағы өз қызметін кеңейтуге дайын екенін растады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстанда өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүдделі үнді компанияларына жан-жақты қолдау көрсету және нақты инвестициялық бастамаларды пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

  • 11.06.2025
  • 28
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика