• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада мал шаруашылығы саласының 59 үздігі марапатталды

Астанада мал шаруашылығы саласының үздік қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Отандық мал шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан 59 адам мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші мамандары, салалық қауымдастықтардың өкілдері, шаруашылық басшылары мен еліміздің барлық өңірлерінен келген өндіріс озаттары қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Сіздердің еңбектеріңіз – жай ғана кәсіп емес, бұл – елге қызмет етудің айқын үлгісі. Бұл жұмыс кәсібилікпен қатар, зор рухани күш-жігерді, төзімділікті, жауапкершілікті, жерге, жануарларға және адамдарға деген шынайы сүйіспеншілікті талап етеді. Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлестеріңіз, мамандыққа адалдығыңыз, табандылығыңыз бен еңбекқорлығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді ведомство басшысы.

Мал шаруашылығы саласында инновациялық технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру, асыл тұқымды жұмыстарды жетілдіру және жайылымдарды тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктер ерекше атап өтілді. Марапатталғандардың қатарында ірі шаруашылық өкілдерімен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген отбасылық фермалардың иелері де бар.

17 адам ҚР Премьер-Министрінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Көпжылдық адал еңбегі үшін 12 еңбек ардагері мемлекеттік «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, ал 16 адам мал шаруашылығы саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Тағы 14 адам ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.

Марапатталғандардың қатарында – «Жидебай» шаруа қожалығының малшысы Семсерқан Бюнтинов, «Бастау» ЖШС-ның зоотехнигі Гайдар Қоспаев, «Терісаққан-2017» ЖШС-ның шопаны Шернияз Қарасаев, «Батырқұл» шаруа қожалығының малшысы Сарсенәлі Батырқұлов, «Ushtobe Qus» ЖШС-ның құс өсірушісі Светлана Иванова, «Галицкое» ЖШС-ның зоотехнигі Виталий Симоненко және тағы басқа еңбек озаттары бар.

35 жылдық еңбек өтілі бар «Евразия инвест LTD» компаниясының аға жылқышысы Сабыржан Бүркітбаев «Құрмет» грамотасына ие болды.

«Бүгін – менің өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі. Мұндай жоғары марапатқа ие болу – бұл қуаныш қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Дегенмен мен бұл марапатты жеке жетістік ретінде емес, әріптестерімнің күнделікті ауыр еңбегіне берілген лайықты баға деп қабылдаймын. 35 жылдық еңбек жолымда мынаны ұқтым: мал шаруашылығы тек физикалық төзімділікті ғана емес, өз ісіңе деген шексіз сүйіспеншілікті де қажет етеді.

2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды – бұл барлық еңбек адамдары үшін үлкен рухани қолдау. Президенттің қарапайым еңбек адамдарына көрсеткен құрметінің айқын көрінісі. Бүгінгі марапаттау рәсімі – біздің еңбегіміздің қаншалықты маңызды екенін көрсететін тағы бір дәлел», – деді Сабыржан Бүркітбаев.

Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінде сала өкілдерінің 200-ден астамына мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табыс етілді.

Іс-шара аясында қатысушыларға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

  • 12.06.2025
  • 37
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика