- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Сенат эндаумент-фондтар туралы заң жобасын мақұлдады
Бүгін Сенат «Мақсатты капитал және эндаумент-фондтар туралы» Заңды қабылдады. Бұл құжат ғылым мен инновациялық қызметті, білім беруді, денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғауды инвестициялық кірістер есебінен қолдауға бағытталған эндаумент-фондтарды (мақсатты капиталдарды) қалыптастыру үшін құқықтық негіз болады.
Заң эндаумент-фондтар арқылы қайырымдылық бағдарламаларын тұрақты қаржыландыру, қорларды басқарудың ашық әрі есепті жүйесін енгізу, қор активтерін кәсіби басқарушылар арқылы инвестициялау тетіктерін бекітеді.
Заң қабылданған жағдайда әлеуметтік сала, ғылым мен білім беру жүйесін қолдауға арналған тұрақты қаржы көздері қалыптасып, олардың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігі артады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1016239?lang=kk
- 12.06.2025
- 29