- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі медициналық білімі бар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша жұмыс істейтін ведомство қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Еңбек министрлігінің басшысы ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ бас директоры Ләзат Ақтаеваға, Әлеуметтік қорғауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы бас директорының орынбасары Шолпан Бөлекбаеваға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Ахметоваға, әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментінің директоры Азамат Дүйсеновке, ХӘҚСРжБК медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы Фардана Халиковаға және медициналық-әлеуметтік сараптама әдістемесі және жетілдіру Департаментінің бас сарапшылары Гүлжан Мағзұмова, Мира Бектұрова мен Сәлима Алпысоваға елеулі еңбектері үшін алғыс білдіре отырып, алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Инклюзия департаментінің директоры Күләйім Біржановаға «Еңбек ардагері» медалі табысталды.16:36
- 17.06.2025
- 25