• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Yili Chuanning Biological Co. компаниясы Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасын жүзеге асырады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Осы жұмыс аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Yili Chuanning Biological Co. компаниясының өкілі Дэн Сюйхэн мырзамен кездесу өткізді. Аталған компания – Қытайдағы ең ірі биофармацевтикалық кәсіпорындардың бірі және антибиотик аралық өнімдерінің жетекші жеткізушісі ретінде ішкі және халықаралық нарықтарда белсенді жұмыс істейді.

Кездесу барысында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүгері мен бидайды терең өңдеу бойынша инвестициялық жобаның егжей-тегжейі талқыланды. Жоба заманауи биотехнологияларды енгізуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларын құрайды, кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 400 мың тонна жүгері мен 500 мың тонна бидай. Өндіріс ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде аминқышқылдар, пробиотиктер, сондай-ақ орау мен медициналық бұйымдарды қоса алғанда, биоыдырайтын материалдар шығаруға бағытталады.

Министр Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтып, инвесторлар үшін қолжетімді салалық преференциялар туралы жан-жақты ақпарат берді. Олардың қатарында салықтық жеңілдіктер, инвестициялық субсидиялар, инфрақұрылым шығындарын өтеу және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бар.

«Бүгінгі кездесу іскерлік әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадамға айналып, екіжақты ынтымақтастықтың толық әлеуетін жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін. Қазақстан агроөнеркәсіптік салада жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Дэн Сюйхэн компания мамандары қазіргі уақытта жоба жүзеге асырылатын жерді егжей-тегжейлі зерттеп жатқанын жеткізді. Инфрақұрылым, логистикалық мүмкіндіктер, сондай-ақ экономикалық және құқықтық жағдайлар талдануда. Сонымен қатар жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру стратегиясы әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда осы бағытта тағы бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жылына 100 мың тонна жүгері өңдейтін зауытты 2025 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Жамбыл облысында Fufeng Group жылына 1 млн тонна өнім шығаратын кәсіпорын құрылысын жүргізуде, оны 2027 жылы іске қосу жоспарланған.

Yili Chuanning Biological Co. компаниясының бастамасын қоса алғанда, бұл жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің агроөңдеу саласын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстанды өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығындағы сенімді жеткізуші ретінде бекітуге мүмкіндік береді.

  • 17.06.2025
  • 30
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика