- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
First Abu Dhabi Bank делегациясының Қазақстанға сапары туралы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовтың Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банкі — First Abu Dhabi Bank (FAB) делегациясымен бірлескен кездесуі өтті.
Бүгінде First Abu Dhabi Bank-тің жалпы активтері 356 млрд АҚШ долларын құрайды және банк «AA-» жоғары рейтингке ие. Банктің нарықтық капитализациясы — 34,7 млрд АҚШ доллары.
Аталған банк корпоративтік, инвестициялық және бөлшек банкинг салаларында кең ауқымды қызметтер көрсетіп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге жеке шешімдер ұсынады.
Кездесу барысында тараптар инвестициялық әріптестікті кеңейту және исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қаржы секторының даму перспективаларын кеңейту мақсатында өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді.
- 19.06.2025
- 19