- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
«Заң және тәртіп» идеологияларын ілгерілету шеңберінде Қаржылық мониторинг агенттігінде БАҚ өкілдері мен журналистерді шақырумен, Ашық есік күні өткізілді
Іс-шараның мақсаты – Агенттіктің қызметінің ашықтығын арттыру, ашық диалогты дамыту және қаржылық мониторингтің маңызды міндеттері туралы қоғамды хабардар етуде серіктестікті нығайту болды.
Қонақтарға Агенттіктің жұмысы таныстырылды, оның ішінде негізгі қызмет бағыттары: көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, кірістерді заңдастыру схемаларын анықтау, сондай-ақ күмәнді операцияларды қадағалау үшін цифрлық құралдарды пайдалану.
Мамандандырылған мереке – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистер жылы лебізбен құттықталып, Агенттіктің жұмысын насихаттаудағы белсенді еңбегі үшін алғыс хаттар тапсырылды.
Қатысушылар Агенттіктің қызметкерлерінің ашықтығын, дискуссияның мазмұндылығын және көтерілген тақырыптардың өзектілігін жоғары бағалады.
Агенттіктің жоспары – кең қоғамдық қатысумен жаңа форматтағы кездесулер мен талқылауларды өткізу.
- 24.06.2025
- 13