- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Өткен аптада халықпен көшпелі кездесулерде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке 18 маусымда болған өрт салдарынан зардап шеккен Тұран ауданындағы 1 мамыр көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары жүгінді.
Бүгін әкім оқиға орнына барып, бүлінген ғимаратты қарап, тұрғындармен кездесті. Адам өмірін қиған өрттің салдарынан 19 пәтердің 11-і өрттен зақымданды. Көптеген отбасылар баспанасыз қалды.
Мегаполис басшысы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында зардап шеккендерді қолдау шаралары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, өзекті мәселелер пысықталды.
- 25.06.2025
- 12