- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Прокуратура инвесторға субсидиялар төлем мәселесін шешті
Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.
Осы жұмыс шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Taskala-Et BKO» ЖШС-не субсидияларды төлеуден негізсіз бас тартуды анықтады.
Мекеме 7,5 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңын салу жобасын іске асыруда.
Мемлекеттік қолдау алу үшін инвестор құрылыс материалдарын қағаз түрінде сатып алу туралы шот-фактураларды ұсынды.
Алайда, Ауыл шаруашылығы басқармасы электронды шот-фактураларды талап еткен.
Бұл ретте мемлекеттік орган Қаржы министрінің бұйрығының талаптарын қате түсіндірген, ол кәсіпкерлерді шығындарды есепке алу үшін тек электрондық шот-фактураларды беруге міндеттемейді.
Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, облыс прокуратурасы жанындағы фронт-офис отырысына шығарылды.
Оны көшпелі тексеру қорытындысы бойынша бордақылау алаңының құрылысын аяқтау туралы акт жасалды.
Нәтижесінде «Taskala-et BKO» ЖШС-ға 121 млн теңге көлемінде субсидия төлеу туралы шешім қабылданды.
Бұл инвесторға мал сатып алуға және өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың сигналдарына жедел ден қою мақсатында облыс прокуратурасының алаңында Фронт-офис құрылып, тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны +7-702-766-09-26).
- 25.06.2025
- 14