- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Мемлекет басшысы елорданың бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанының қызметімен танысты
Мемлекет басшысы елорданың бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанының қызметімен танысты. Ол Stadler Kazakhstan зауытына, сэндвич-панель шығаратын KazPan кәсіпорнына, арнайы және коммерциялық техника өндіретін Orbis Heavy Machinery зауытына, респиратор мен газтұтқы өндіретін өндіріс орнына барды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар және т.б. шығаратын елордалық кәсіпорындардың көрмесін аралап көрді.
✔️Мәселен, Stadler Kazakhstan зауытында жасалған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды. Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнаулы вагондар шығарады. Биыл 51 вагонды, ал 2030 жылға дейін 557 жаңа вагонды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толығымен жаңартуына мүмкіндік береді. Өндірісті локализациялауға қазақстандық кәсіпорындар тартылған.
✔️Биыл мамыр айында қалалық индустриялық парк аумағында инновациялық ALEM аппаратының өндіріс зауытының құрылысы басталды. Қазақстандық инженерлер мен UMC Жүрек орталығы дәрігерлерінің бірегей жұмысы заманауи трансплантологиядағы басты мәселе саналатын донорлық органды сақтау уақытының шектеулілігін шешуді көздейді. Сондай-ақ көрме барысында Президентке Kazecotech ғылыми-техникалық кәсіпорнының жетістіктері таныстырылды.
✔️Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауыты 2022 жылдан бері 700-ден астам автокөлік шығарды. Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты, 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады.
✅Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Дәулет» МКК теннис орталығының жұмысымен танысты. Бұл кешенде 600 бала жаттығады, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді. Мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді. «Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Сол сияқты Мемлекет басшысы биыл пайдалануға берілген және жеке инвестор қаражаты есебінен салынған көпфункционалды кешеннің қызметімен танысты.
- 27.06.2025
- 30