• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ОТЫРҒАН ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫМ

Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор. Солардың бірі - Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы. Ферма ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.

Аталған шаруа қожалық жұмысымен танысу мақсатында арнайы Абдуллабад тұрғын алабына бардым. 

Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр.

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруа қожалылығында заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылық техникаларымен қамтылған. Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.

Өндірілген сиыр сүтіне және сатып алған жемдік азықтың құнына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен былтыр 15,4 млн теңге субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген. 

Биыл асыл тұқымды мал басын арттырып, 350 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. 

Таза сүтке сұраныс үнемі жоғары. Сүт, ет – тұрғындардың басты азығы. Қала халқын ауылшаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады.

  • 09.03.2021
  • 261
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика