• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан аграрлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Италияға жұмыс сапары аясында және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) 44-сессиясына қатысу барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығы ведомстволарының басшыларымен, соның ішінде Эстония, Италия және Латвия өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Эстонияның аймақтық істер және ауыл шаруашылығы министрі Ханнес Терраспен өткізілген екіжақты кездесуде Айдарбек Сапаров Қазақстанның Эстониямен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде аграрлық өнімдер саудасына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың алғашқы төрт айында агроөнеркәсіптік саладағы тауар айналымы алты есеге өсті. Бұл көрсеткіштің артуына қазақстандық рапс тұқымдары мен күнжара экспортының ұлғаюы себеп болды.

«Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі — мал шаруашылығы, нақтырақ айтқанда, сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды импорттау. Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске асырып жатыр, оған сүт-тауарлы фермаларды қаржыландыру да кіреді. Біз Эстонияның ферма автоматтандырудағы, өнімділігі жоғары генетиканы қолданудағы тәжірибесін зерттеуге, сондай-ақ заманауи сүт-тауарлы фермалар (СТФ) құру және сүтті қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз», — деді министр.

2019 жылдан бері Қазақстанға негізінен голштин тұқымды 1654 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді.

Италияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және орман шаруашылығы вице-министрімен өткен кездесуде аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы өнімдері арасындағы өзара сауданың өсіп келе жатқанын атап өтті: 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 59%-ға артып, 105,9 млн АҚШ долларына жетті.

Мәселен, Қазақстаннан экспортталған бидай көлемі 47%-ға артып, 247,3 мың тоннаны құрады, бұршақ дақылдары – 103 есе өсіп, 13,7 мың тоннаға жетті, күнжара – 0-ден 3,4 мың тоннаға дейін артты.

Тараптар 2024 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талқылады. Атап айтқанда, бұл — С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында еуропалық сапа стандарттарына көшу және органикалық өнім өндіру бойынша озық тәжірибе орталықтарын (Excellence Centers) құру, сондай-ақ италиялық компаниялармен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері болды.

Латвияның ауыл шаруашылығы министрі Армандс Крауземен болған келіссөздерде агроөнеркәсіптік саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдары, соның ішінде озық технологиялармен алмасу, жеткізу логистикасы және ғылыми-білім беру ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды.

  • 03.07.2025
  • 27
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика