- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін күдіктіні қайтарды.
Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.
- 08.07.2025
- 7