• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Адамдар жаппай жиналатын объектілер иелерінің жауапкершілігін сақатндыруды енгізу туралы

2025 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Сонымен бірге көрсетілген Заңда адамдар жаппай жиналатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін өрттен жүктелген сақтандыру енгізіледі.

Аумағы 2 000 шаршы метрден асатын сауда кәсіпорындары мен ойын-сауық орталықтары сияқты объектілердің иелері өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті болады. Объектілердің толық тізбесін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі айқындайды.

Сақтандыру объектідегі өрт салдарынан зардап шеккен келушілердің, жалға алушылардың және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті өтейтін болады. Бұл ретте жауапкершілікті сақтандыру шарты болмаған кезде мұндай объектілердің қызметіне жол берілмейді.

Нысанның иесінде осындай объектідегі өрттің салдарынан зардап шеккен адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетінің туындауы сақтандыру жағдайы деп танылады, бұл ретте сақтандыру жағдайының басталу фактісі тараптардың келісімімен не соттың шешімімен сақтандырудың үлгілік шартының талаптарына сәйкес айқындалады.

Сақтандыру сомасы сақтандыру шартында белгіленеді және кемінде 75 мың АЕК (295 млн теңге) болуға тиіс. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін сақтандырушы айқындайды және ол сақтандыру шартында белгіленеді.

Бір жәбірленушінің мүлкіне залал келтіргені үшін сақтандыру төлемінің мөлшері келтірілген зиян мөлшеріндегі соманы құрайды, бірақ 1,5 мың АЕК (5,9 млн теңге) аспайды.

Әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері:

– қайтыс болған жағдайда – 5 мың АЕК (19,7 млн теңге);

– мүгедектік белгілеу:

I топ – 4 мың АЕК (15,7 млн теңге);

 II топ – 3 мың АЕК (11,8 млн теңге);

 III топ – 1,5 мың АЕК (5,9 млн теңге);

балаға – 3 мың АЕК (11,8 млн теңге);

– мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалатын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 750 АЕК-тен (2,9 млн теңге) аспайтын мөлшерде.

Сақтандыру шарты үлгілік сақтандыру шарты негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті лицензиясы бар жалпы сақтандыру жөніндегі кез келген 15 сақтандыру ұйымымен жасалуы мүмкін.

  • 08.07.2025
  • 19
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика