• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан өңделген ет экспортын ұлғайтуда

Тірі мал экспортынан ет өнімдерін сыртқы нарықтарға шығаруға көшу оң нәтижелерін көрсетуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан өңделген сиыр етінің экспортын 1,4 есеге арттырып, 22 мың тоннадан астам, ал қой етінің экспортын 2,2 есеге ұлғайтып, 18 мың тоннаға жеткізді.

Бұл көрсеткіштер тірі малға шаққанда — 122 мың ірі қара және 1 миллион ұсақ мал басына тең. Салыстыру үшін, 2024 жылы тірі мал экспорты 92 мың ірі қара мен 47 мың ұсақ мал басын құрады. Бұл — ел ішінде қайта өңдеу көлемінің және қосылған құнның артқанын дәлелдейді.

Сату нарықтарын әртараптандыруға бағытталған жүйелі жұмыстар аясында, 2024 жылдан бастап қазақстандық өндірушілер Тәжікстан, Қытай, Грузия, Сирия және Иордания сияқты жаңа шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігіне ие болды. Бұл фактор ет өнімдері экспорты көлемінің өсуіне елеулі ықпал етті.

2025 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан 8,4 мың тонна сиыр етін (яғни 47 мың басқа тең) және 6,7 мың тонна қой етін (372 мың басқа тең) экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артық.

Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және экспортты тұрақты арттыру мақсатында елде мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары іске қосылуда. Атап айтқанда:

ІҚМ және ҰММ-ның асыл тұқымды малын сатып алуға жылдық 5% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылуда;

Жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын, көктемгі егіс жұмыстарының шарттарына ұқсас, 50 млрд теңгелік айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы қолжетімді.

Жыл сайынғы ет өнімдері экспортының көлемін 50 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында, Қазақстанда австралиялық тәжірибені енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама аясында жалпы құны 29,3 млрд теңге болатын, өндірістің толық технологиялық циклын қамтитын 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

  • 11.07.2025
  • 12
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика