- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі қаладағы медициналық жедел жәрдем станциясына барды.
Бүгінгі таңда мекеменің көлік паркі он жаңа арнайы санитарлық автокөлікпен толықты.
Олар жедел медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құрал-жабдықтармен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, дефибриллятор-мониторлармен, электрлік сорғыш құрылғылармен және реанимациялық жинақтармен жабдықталған. Жыл соңына дейін осындай тағы 15 автокөлік жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Алпамыс батыр, Аққыстау көшелерінде және Бозарық айналма жолында жүргізіліп жатқан орташа және күрделі жөндеу барысын тексерілді. Мердігер мекемелерге жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтау қажет екендігі ескертілді.
- 14.07.2025
- 20