• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚДА МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЯНДЕКС ТАКСИДІҢ БАҒА ҚҰРУ АУДИТІ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде такси шақыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) мобильді қосымшаны пайдалана отырып көрсетілетін такси қызметтері нарығын қадағалау жөніндегі мониторинг тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Агенттік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен жүргізілген Яндекс Такси алгоритмдік баға белгілеу тиімділігінің аудиті нәтижелері қаралды. Еске сала кетейік, бұл аудиттен өту міндеттемесі антимонополиялық комплаенс аясында Яндекс Такси компаниясына жүктелген болатын.

Аудиттің мақсаты – Яндекс сервисін, соның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болды.

Алғашқы аудит нәтижелері бойынша баға белгілеу жүйесіне әсер етуі мүмкін бірқатар тәуекелдер анықталды. Атап айтқанда: қаланың шекараларының әкімшілік-аумақтық шекаралармен сәйкес келмеуі, бағаның бағаға қатысы жоқ компоненттер арқылы артуы, қосымшада толық баға есептеу ақпаратының болмауы, әуежайда жолаушыларды орналасқан жері бойынша «кемсіту» және басқа да жайттар.

Кейбір тәуекелдер жойылды, ал кейбірі бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады. Мәселен, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының (Яндекс+ бағдарламасы) ережелері өзгертілді. Өзгерістер нәтижесінде Яндекс бұл бағдарлама бойынша (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктер) барлық шығындарды өз мойнына алды.

Сондай-ақ Яндекстің қолданыстағы комплаенсіне антимонополиялық заңнаманы бұзуға, сұраныстың артуы кезінде такси қызметтерінің бағасының негізсіз өсуіне, сондай-ақ жүргізушілердің табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру жөніндегі міндеттемелер енгізілді.

Отырыс барысында Агенттікке келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырылған Яндекс.Такси жүргізушілерінің проблемалық мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар Яндекс.Такси өкілдерінің 2025 жылдың І тоқсанындағы антимонополиялық комплаенс талаптарын сақтау жөніндегі есебі тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша мониторинг тобы мемлекеттік органдар мен Яндекс.Такси компаниясына қатысты бірқатар ұсынымдар қабылдады.

  • 15.07.2025
  • 20
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика