- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Шымкент қаласының Сайрам көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысымен танысты.
Қаладағы Уәлиханов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын учаскенің жалпы ұзындығы – 2,8 шақырым. Аталған аумақты абаттандыру аясында Ақназар хан көшесіне дейін жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланған. Барлығы 310 бағана орнатылады. Аудан әкіміне және тиісті басқарма басшысына барлық жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырылды.
Әрі қарай Еңбекші ауданында орналасқан «Zammler» ЖШС-нің қойма кешенін аралау жұмыстарын жүргізді. Логистикалық компания Қазақстан аумағында жүк тасымалымен және транзитпен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын Шымкенттегі 20 мыңнан астам серіктеске қызмет көрсетіп, 130 адамды жұмыспен қамтылып отыр. Кездесу барысында компания басшылығы қойма инфрақұрылымын кеңейту жоспары жайлы бөлісті. Мен де өз кезегімде салықтық міндеттемелерді адал орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, «Абдулабад» тұрғын алабында орталық көшенің бір бөлігін асфальттау жұмысын тексерілді. Бұл аумақта балалар және спорт алаңшаларының құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, аталған жұмыстар көшпелі кездесуде айтылған өтініш негізінде қолға алынған. Аудан әкіміне құрылысты абаттандыру талаптарын сақтай отырып, толық аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырылды.
- 18.07.2025
- 7