• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің Қытайға экспорты 35%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы ҚХР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Министр ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік тұрақты оң динамиканы көрсетіп отырғанын атап өтті.

2024 жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 10%-ға өсіп, 1,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2025 жылдың алғашқы бес айында өсім 36%-ды құрап, 736,9 млн долларға жетті. Қазақстаннан Қытайға экспорттың, сондай-ақ Қытайдан импорттың да артуы аграрлық сауданың теңгерімді әрі өзара тиімді құрылымына дәлел болуда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,1 млрд АҚШ долларын құрап, 4%-ға артты. Ал 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында экспорт 35%-ға өсіп, 513,4 млн долларға жетті. Негізгі экспорттық позицияларға мал азығы (+485%, 1,2 млн тонна), өсімдік майлары (+26%, 173,3 мың тонна) және бидай кіреді.

«Біз үшін негізгі мәселелердің бірі – сиыр еті, қой еті және қосалқы өнімдерді экспорттауға қатысты жаңартылған хаттамаларға қол қою. 2025 жылдың мамыр айында ҚХР-ның Бас кеден басқармасымен Қазақстандағы қызылша жомын өндіретін кәсіпорындарға бірлескен инспекция жүргізу, сондай-ақ Актөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарын тексеру арқылы Қытайға бидай мен арпа жеткізілетін өңірлердің географиясын кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Біз осы жылдың тамыз айында құс шаруашылығы кәсіпорындарын ҚХР талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізуді ұсынамыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны шамамен 2,8 млрд АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы 4 ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл Қытай инвесторлары тарапынан жоғары сенімнің бар екенін және стратегиялық әріптестікті тереңдетуге қосымша ынталандыру жасайтынын көрсетеді.

Өз кезегінде ҚХР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, Қытай тарапының өзара сауда көлемін арттыруға және инвестициялар, санитариялық-ветеринариялық бақылау мен аграрлық инновациялар бағытында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытып отырғанын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар аграрлық саладағы жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

  • 22.07.2025
  • 27
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика