- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 4 адамның мәселелерін қарады.
Министрге тұрғын үймен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ экологиялық өтемақы төлемдеріне қатысты мәселелер бойынша жүгінді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.
- 22.07.2025
- 29