• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды

Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Акерке Абылайхан, ЖОО проректорлары мен декандары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Алғашқы жартыжылдықтағы өзара іс-қимылдың нәтижелері талқыланды.

2025 жылдың басынан бастап еліміз бойынша 1,5 мыңға жуық білім беру ұйымында қаржылық қауіпсіздік бойынша дәрістер ұйымдастырылып, 300 мыңға жуық оқушыны қамтыды. Бағдарлама аясында тақырыптық сауалнамалар, онлайн-ойындар мен перформанстар түріндегі интерактив форматтар қарастырылды. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан-Ресей форумы өтті.

Оның аясында IT-университет базасында Ресейдің Қаржылық мониторинг қызметімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, «Балалар ойыны емес – Дропқа еріксіз» атты ұранмен 8 жетекші ЖОО-ның 400 студентіне сабақтар өткізілді.

2025 жылғы 20 наурыз бен 23 мамыр аралығында жоғары оқу орындары арасында Ұлттық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оған 3 мыңнан астам студент қатысты. Финалдық кезеңнің нәтижесінде 10 жеңімпаз анықталып, олар Қазақстан атынан 2025 жылдың күзіне жоспарланған Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасына (Красноярск қ., Ресей) қатысады.

25 маусымда еліміздің 20 өңірінде «Заң және тәртіп» нарративі аясында «АФМ-online-2025» форумы өтті.

Форум тақырыбы: «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері». Шара барысында танымал блогерлер қатысып, қаржылық қауіпсіздік негіздері туралы театрландырылған скетчтер көрсетілді.

Қаржылық алаяқтықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде танымал актерлер мен медиа тұлғалардың қатысуымен 20-дан астам бейнероликтен тұратын арнайы серия дайындалды.
Онда келесі өзекті тақырыптар қамтылған: қаржы пирамидалары, онлайн-казино, үлестік құрылыс мәселелері және көлеңкелі қолма-қол ақшалай айналым. Жалпы аудиторияның қамтылуы 3,5 миллионнан асты. Контент жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында министрлікке студенттер арасында кеңінен тарату үшін берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша екінші жартыжылдыққа арналған кең ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап айтқанда, цифрлық гигиена, дипфейктер, заңсыз микроқаржылық ұйымдар және вейптің зияны секілді маңызды мәселелерге арналған тақырыптық сабақтар өткізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім комитеті төрағасының м.а. Абылайхан Акеркеге жас ұрпақтың қаржылық сауаттылығын дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін Агенттік Төрағасының Алғыс хаты табысталды.

 

  • 23.07.2025
  • 18
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика