• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров ЕО-пен аграрлық әріптестікті дамыту мәселелері бойынша келіссөздер өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақтың Төтенше және Өкілетті Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.

Конструктивті диалог барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын, ветеринариялық-санитариялық өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Министр Еуропалық одаққа аграрлық саладағы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға деген тұрақты қызығушылығы үшін алғысын білдірді.

«ЕО – еліміздің АӨК саласындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. 2024 жылы Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша сыртқы сауда айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрап, 7 пайыздық өсімді көрсетті. 2025 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 11 пайызға өсіп, 662,2 млн долларды құрады. Біз экологиялық таза өнімді, әсіресе астық пен ұнды экспорттаудың айтарлықтай әлеуетіне иеміз және Еуропа нарығына астықты тұрақты жеткізуге дайынбыз. Осыған байланысты Эстония және Латвия елдерімен Балтық порттарын транзиттік торап ретінде пайдалану мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде», – деді Айдарбек Сапаров.

Кездесуде мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде еліміздің 20 кәсіпорын ЕО елдеріне балық өнімдерін экспорттауға құқық алған. Ара шаруашылығы кәсіпорындары бал экспорттау мәселесін пысықтап жатыр. Сонымен қатар, акваөсіру және жылқы еті өнімдерін жеткізу үшін ЕО нарығын ашу бағытында жұмыстар жалғасуда, ұлттық бақылау жоспарларын әзірлеу және ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу процестері жүргізілуде.

Министр еуропалық бизнес тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың жоғары екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жалпы құны 270 млн АҚШ долларынан асатын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Алматы облысында премикс шығаратын зауыт пен Қостанай облысында UBM Group компаниясының құрама жем зауытының құрылысы, сондай-ақ Алматы облысында Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты мен ALFASEED KFT компаниясымен бірлескен сүрлем өндірісін жергіліктендіру жобасы қолға алынған.

CLAAS, Amazone-Werke, SDF Group, Pöttinger сияқты еуропалық компаниялардың кәсіпорындары табысты жұмыс істеуде. 2025 жылдың басынан бастап John Deere техникасын жергіліктендіру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Біз еуропалық компаниялардың қатысуын кеңейту және ЕО-пен терең ынтымақтастық орнату жөніндегі ұсыныстарға ашықпыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде, Еуропалық одақтың Елшісі ашық әрі жан-жақты диалог үшін алғысын білдіріп, агроөнеркәсіптік саладағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті және ЕО тарапынан талқыланған бағыттар бойынша Қазақстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

  • 28.07.2025
  • 7
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика