• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Агенттік еншілес банктер мен шетел банктерінің филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды жеңілдетті

Қазақстанда еншілес банктер мен шетел банктерінің филиалдарын ашуға қойылатын талаптарды жеңілдетілді, аталған шара Мемлекет басшысының еліміздің қаржы нарығына сенімді шетел банктерін тарту жөніндегі тапсырмасын орындаудың шеңберінде іске асырылды.

Тиісті түзетулер Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

 Заңда Қазақстанда филиал ашу үшін шетел банкінің жиынтық активтерінің ең төмен мөлшеріне қойылатын талап 20 млрд АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейін төмендетілді.

Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қаржы ұйымының кредиттік рейтингінің деңгейіне байланысты құжаттар тізбесі қысқартылды. Қаржы реттеушісі ақпараттық жүйелерден, интернет-ресурстардан және өтініш беруші елдің реттеушісінен дербес түрде ала алатын құжаттар алып тасталды.

Жұмыстың басталуынан бір жыл бұрын меншігінде үй-жайлардың болуына және штаттың жинақталуына қатысты талаптар жеңілдетілді.

Сондай-ақ, шетел банктерінің филиалдарына резерв ретінде қабылданатын активтерді тізбесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәуекел деңгейі төмен қаржы құралдарына орналастыру мүмкіндігі берілетін болады.

Қазақстанның қаржы нарығында шетел банктері филиалдарының және екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында шетел банктерінің филиалдарына шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға, төлем карточкаларын шығаруға, синдикатталған қаржыландыруға қатысуға, агенттік қызметтерді жүзеге асыруға және т.б. рұқсат етілді.

Көрсетілген түзетулер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ, Заңда мінсіз іскерлік беделге қойылатын талаптар күшейтіледі.

Заң 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.

  • 01.08.2025
  • 6
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика