• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

  Алматыдағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы базасында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

  Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Бообек Ажикеев, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы генерал-полковник Раджабали Рахмонали және Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары полковник Санжар Зупаров қатысты.

  Орталық қызметінің тұсаукесері және Өзбекстан мен Тәжікстанның оның бағдарламалары және бастамаларына қосылу мүмкіндігі талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

  «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Қазақстан ТЖМ орталықтың әлеуетін дамытуға қолдау көрсетіп, тәжірибе және технологиялармен бөлісуде, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанды Орталық Азиядағы зілзалалар қаупін азайту жөніндегі бірыңғай жүйеге интеграциялау бағытындағы күш-жігерді қолдайды», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Диалог барысында тараптар ақпарат алмасу тетіктерін, бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді, төтенше жағдайларға ден қоюды үйлестіруді, сондай-ақ климаттық және экологиялық қауіп-қатерлердің күшеюі жағдайында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

  Климаттың өзгеру салдарына бейімделу және зілзалалар қаупін азайтуға бағытталған бірлескен стратегияларды әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар күш-жігерді одан әрі біріктіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай өңірлік тәсілді әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.

  • 07.08.2025
  • 35
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика