- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялайды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді.
Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілді.
Биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады.
«Жалпы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл – Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді министр Саясат Нұрбек.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../sci/press/news/details/1047249...
- 07.08.2025
- 40