• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Азық-түлік өнімдерін өндіру 1,4 есеге артты – 2,3 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге дейін

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені тұрақты өсімді көрсетуде. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесі.

Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктердің бірі – азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің айтарлықтай артуы болды: 2021 жылы 2,3 трлн теңгеден 2024 жылы 3,3 трлн теңгеге дейін өсіп, 1,4 есеге артты.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да оң динамика сақталып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артты. Азық-түлік өнімдерін өндіру 10%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті, ал сусындар өндірісі 5%-ға ұлғайып, 566,8 млрд теңгені құрады.

2021–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,3%-ға өсіп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 4,4 трлн теңгеден 5 трлн теңгеге дейін (+14%), ал мал шаруашылығы 3 117 млрд теңгеден 3 290,1 млрд теңгеге дейін (+5,6%) артты.

Саладағы басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша оң үрдіс байқалады.

Атап айтқанда, АӨК өнімі экспорты 1,3 есеге артып, 3,8 млрд АҚШ долларынан 5,1 млрд долларға жетті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есеге өсіп, 772,5 млрд теңгеден 919 млрд теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісіне инвестициялар 118,3 млрд теңгеден 180,3 млрд теңгеге дейін артты. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 5 млн теңгеге жетті (2021 жылы – 3,4 млн теңге).

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

•Тыңайтқыштарды қолдану көлемі 2 есеге – 626 мың тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін артты;

•Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,3%-дан 5,5%-ға дейін өсті;

•Дәнді және бұршақ дақылдарының өнімділігі 1,38 есеге – гектарына 11,0 центнерден 15,2 центнерге дейін артты;

•Су үнемдейтін технологиялар қолданылатын жер көлемі 1,82 есеге – 258,8 мың гектардан 470,1 мың гектарға дейін ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ірі қара мал (ІҚМ) саны 3 904,2 мың бастан 4 296,6 мың басқа дейін (+10%) артты, ал ұсақ мүйізді мал (ҰММ) саны 9 923,4 мың бастан 11 643,4 мың басқа дейін (+17,3%) өсті.

  • 08.08.2025
  • 45
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика