- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 200-ГЕ ЖУЫҚ ӨТІНІШ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін қала әкімінің, басқарма басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті. Күні бойы тұрғындардан 200-ге жуық өтініш қаралды.
Қала тұрғындары көтерген тақырыптар аула аумақтарын абаттандыру, көшелер мен жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, инженерлік желілерді дамыту, коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты болды. Өтініштердің дені әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ спортты, білім беруді және мәдениетті дамытуға қатысты бастамаларға бағытталды.
Айта кетейік, әрбір өтініш егжей-тегжейлі талданып, жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша тиісті басқармалар мен жауапты орындаушыларға тапсырмалар берілді. Барлық көтерілген проблемалар жеке бақылауға алынды, шешімі бойынша кері байланыс жасалады.
- 19.08.2025
- 33