• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сақтандыру нарығының өзекті үрдістері мен сын-қатерлері жыл сайынғы сақтандыру форумында талқыланды

Алматы қаласында Kazakhstan Insurance Forum 2025 –  сақтандыру саласын дамыту туралы стратегиялық диалог үшін жетекші өңірлік алаң шеңберінде ұйымдастырылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорларының халықаралық қауымдастығының (International Forum of Insurance Guarantee Schemes, IFIGS) 12-ші конференциясы өтті.

Биылғы жылы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ел тарихында алғаш рет IFIGS-ке төрағалық етуде. Форумның Қазақстанда өтуі елді жаһандық сақтандыру қауымдастығына интеграциялау жолындағы маңызды қадам болды.

Форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ 27 елдің делегаттары, соның ішінде халықаралық сарапшылар, реттеуші органдардың, Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің өкілдері қатысты.

Соңғы бес жылда Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқынды өсуді көрсетіп отыр. Сектордың активтері 3 есе өсіп, 6,6 млрд АҚШ долларына жетті. Халық пен бизнесті сақтандыру қызметтерімен қамту кеңеюде: жасалған шарттар саны 2 есе – 23 млн шартқа дейін ұлғайды. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 3 есе өсіп, 3 млрд АҚШ долларын құрады, сақтандыру төлемдері 1,5 есе ұлғайып, 2024 жылы 640 млн АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіштер сақтандыру саласына деген сенімнің артуын растайды.

Форум барысында сақтандыру секторын дамытудың негізгі мәселелері, оның ішінде реттеушілік өзгерістер, сақтандыру өнімдерін жетілдіру, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу талқыланды. Басты тақырыптардың бірі халықты табиғи апаттар тәуекелдерінен  қорғау құралы ретінде апатты сақтандыру моделін әзірлеу болды.

Kazakhstan Insurance Forum 2025 ұлттық және халықаралық сақтандыру қауымдастығы үшін маңызды оқиға болды. Форум өзекті мәселелерді талқылау, озық тәжірибе алмасу және сақтандыру секторының тұрақты дамуына және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу үшін сала сарапшылары мен мамандарын жинады.

  • 22.08.2025
  • 8
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика