- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Жаңа кәріз тазарту құрылысын (№2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды
Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№1 КТҚ) тазартылады.
Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді. Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді.
✅Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. №2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ құрайды. Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
- 27.08.2025
- 33