• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу қағидалары және заңнамадағы алдағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларға кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу тәртібі туралы еске салады, сондай-ақ 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енетін осы саладағы заңнамалық өзгерістер туралы хабарлайды.

Мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға пайыздар бойынша артық төлемді қысқартуға және борыштық міндеттемелерді орындауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Ол толық – барлық берешекті өтеумен немесе ішінара – белгіленген кестеден тыс соманы енгізумен болуы мүмкін. Кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде ай сайынғы төлем мөлшерін сақтай отырып, кредит мерзімін қысқартуға немесе қарыз мерзімін сақтай отырып, ай сайынғы төлем сомасын азайтуға болады.

Қаржы ұйымдары заңнама шеңберінде мерзімінен бұрын өтеу тәртібін айқындауға құқылы: ең төменгі сомаларды, өтініш беру мерзімдерін және есептеу күндерін белгілеуге құқылы. Қарыз алушыларға қайта есептеудің таңдалған әдісін банк пен алдын ала келісу, сондай-ақ қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақыларын қайтару және ипотека бойынша ауыртпалықты алу ерекшеліктерін нақтылау ұсынылады.

Өзгерістер күшіне енгенге дейін банктер мерзімінен бұрын өтегені үшін: алғашқы алты ай ішінде – бір жылға дейінгі мерзімге қарыздар бойынша және бірінші жыл ішінде – бір жылдан астам мерзімге қарыздар бойынша айыппұл санкцияларын қолдануға құқылы.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2025 жылғы 31 тамыздан бастап мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары тек заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді. Жеке тұлғалар кредиттерді кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шарттарға, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда, өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұлдар мен айыпақы қайта есептелуге  немесе қайтарылуға жатпайды.

Мерзімінен бұрын төлемдер борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді. Мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдағанға дейін қаржылық резервтің болуын және бос қаражатты пайдаланудың ықтимал баламаларын бағалау ұсынылады.

  • 28.08.2025
  • 33
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика