- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков катарлық «Power International Holding» (PIH) компаниясының өкілдерімен кездесті
Шетелдік инвесторлар Шымкент экономикасына қаржы құйып, бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға ниет білідірді. Кездесуде қонақүй бизнесі, туризм, тұрғын үй құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығы және су тазарту нысандары саласындағы бастамалар талқыланды.
«Power International Holding» – Парсы шығанағындағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан конгломераттардың бірі. Компания экономиканың негізгі секторларында жұмыс істеп, Қазақстанда да ауқымды жобаларды қолға алуда. Олардың қатарында мұнай-газ, энергетика және телекоммуникация салалары бар.
Кездесу барысында, инвесторлардың қаламызға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, бірлескен бастамалардың маңыздылығын атап өтті және жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
- 29.08.2025
- 20