- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов пен Astana IT University басқарма төрағасы – ректоры Асқар Хикметовтың кездесуі өтті.
2022 жылдан бері Агенттік пен университет арасындағы ынтымақтастық аясында цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған дуалды білім беру жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде AITU түлектері жоғары білім деңгейін көрсетіп, оны тәжірибеде сәтті қолдануда. Агенттіктің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаментінің басшысы Даурен Райымқұлов AITU-мен серіктестік жалғасатынын, бұл цифрлық технологиялар саласында мықты кадрлық әлеует қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті. Оның айтуынша, бірлескен жобалардың кеңеюі студенттерге – нақты практикаға ену арқылы, ал Агенттікке – өз қызметінде инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу арқылы бірегей мүмкіндіктер ашады.
- 02.09.2025
- 19