- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Габит Сыздықбеков қаладағы Тұран ауданындағы №6 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Жуырда ғана күрделі жөндеу жұмысы аяқталған орталықта 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі және психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арнаулы көмек көрсетіледі.
Қазіргі таңда орталықта 140 бала стационарлық, 100 бала жартылай стационарлық жағдайда қызмет алып отыр. Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жоюды, ал орталық басшылығына аумақты көгалдандыруды тапсырылды.
Әрі қарай «Елтай» тұрғын алабында салынып жатқан сервистік орталықтың құрылысымен танысты. Мұнда халыққа шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем, полиция және қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнайы орын қарастырылған.
Мердігерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігін ескертілді. Сондай-ақ нысанды уақытында пайдалануға беру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін аса маңызды екенін атап өтті.
- 03.09.2025
- 11