- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне «Эгмонт» тобының Атқарушы хатшысы Жером Бомон жұмыс сапарымен келді
«Эгмонт» тобы — бұл ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жүргізетін 182 елдің қаржылық барлау бөлімшелерінің халықаралық бірлестігі.
1995 жылы құрылған бұл ұйым қауіпсіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етіп, бірлескен тергеулер жүргізуге және қаржылық қылмыстарға қарсы бірыңғай тәсілдерді дамытуға жәрдемдеседі.
2023 жылдан бастап Қазақстан «Эгмонт» тобы құрылымындағы «Еуразия» өңірлік тобының өкілін алғаш рет ұсынып отыр.
Кездесу барысында «Эгмонт» тобымен елдік деңгейде де, сондай-ақ «Еуразия» өңірлік тобы аясында да ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, оның ішінде Қаржылық барлау органдарының көшбасшылығы мен озық тәжірибе орталығы (ECOFEL) шеңберінде оқыту іс-шараларын өткізу мәселелері талқыланды.
Агенттік кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтып келеді.
- 04.09.2025
- 4