- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
SMART SHYMKENT ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІРІН ЖАЙЛЫ ЕТЕДІ
Шымкентте әкімдік пен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Ақылды қала» жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компанияның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.
Келісім «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды көздейді. Жайлы ортаны қалыптастыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық сервистерді тестілеу және интеграциялау жоспарлануда.
Инфрақұрылым мониторингінің орталықтандырылған жүйесін құруға, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын енгізуге, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін автоматтандыруға, экологиялық жағдайды бақылауға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ерекше назар аударылатын болады.
Мысалы, дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы жолдарды жөндеуге, қоқыстарды шығаруға, жол белгілерін орнатуға мониторинг жүргізуге, сондай-ақ заңсыз құрылыстар мен қоқыс үйінділерін бақылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ мұндай жобаны Ақмола облысында сәтті жүзеге асырды, енді цифрлық шешімдер Шымкентте кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
- 05.09.2025
- 9