• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау» кезеңін енгізу жөніндегі шаралар туралы

Агенттік қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында ағымдағы жылғы
30 қыркүйектен бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау» кезеңі енгізілетінін еске салады.

Шешім қабылдау кезеңінің негізгі мақсаты  – қарыз алушыға ойланып  шешім қабылдауға уақыт беру және соның нәтижесінде  асығыстықпен қарыз шартын жасасу немесе алаяқтық схемаларға тартылу ықтималдығын азайту.

Бұл норма Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында бар.

Заңды іске асыру үшін Агенттік Басқармасы онлайн берілетін тұтынушылық кепілсіз қарыздар бойынша мынадай шешім қабылдау тәртібін қабылдады:  

- 150 АЕК-тен (589 800 теңге) 255 АЕК-ке (1 002 660 теңге) дейінгі сома кезінде банктік қарыз шартын жасасқаннан кейін кемінде 8 сағат;

- банктік қарыз сомасы 255 АЕК-тен (1 002 660 теңге) жоғары,
75 АЕК-тен жоғары микрокредит (294 900 теңге) сомасы кезінде кемінде 24 сағат;

- қарыз алушыға ақшаны аударуға тек белгіленген шешім қабылдау кезеңі өткеннен кейін оның кредит беруге келісімін алғаннан соң рұқсат етіледі.

Банктер мен МҚҰ қарыз алушыға 1 күн ішінде жалпы сомасы көрсетілген лимиттерден асатын бірнеше кредит берілген жағдайда шешім қабылдау кезеңін сақтауға міндетті.

Бұл ретте шешім қабылдау кезеңі тауарлық кредиттер беруге, ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасы бойынша лимит (150 АЕК дейін) шеңберінде қарыздарға қолданылмайды.

Егер қарыз алушы шешім қабылдау кезеңінде кредит алу туралы шешімін өзгертсе, қарыз шарты жойылады және оған кредит қаражаты аударылмайды.

Шешім қабылдау кезеңі тек онлайн-қарыздар үшін қолданылады және азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Қарыз алушыға кредит қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда, ол кез келген уақытта  банктің немесе МҚҰ бөлімшесіне жүгіне алады және  қарызды шешім қабылдау кезеңін қолданбай ресімдей алады.

  • 05.09.2025
  • 26
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика