• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР СИМ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қоғамдық тәртібін көрсетті

ҚР СИМ – 2021 жылғы 5 наурыз. Бүгін, Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы Жәнібек Нөпіровтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін таныстыру бойынша кеңес өтті.  Ведомство мысал ретінде «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету схемасын ұсынды.

Кеңеске «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Саттар Сыздықов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері қатысты.

«Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер өтінішті автоматты түрде қабылдайтын, көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өңдейтін және қалыптастыратын www.elicense.kz порталы арқылы көрсетіледі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету толықтай автоматтандырылды және 15 күннен 1 күнге дейін қысқартылды. Автоматтандырылған процесс тәулік бойы қызмет берушінің қатысуынсыз, порталда сақталған қызмет беруші басшысының ЭЦҚ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою арқылы жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», - деді Жәнібек Нөпіров.

Жәнібек Нөпіровтың айтуынша, Қазақстанға тарифтік квоталар көлемі жыл сайын Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен бекітіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары, оның ішінде оларды әкімшілендірудің бірыңғай тәртібі қолданылады.

ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Еттің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу қағидаларына сәйкес: тарихи жеткізушілер, қайта өңдеушілер және жаңа жеткізушілер үшін сиыр етін; тарихи жеткізушілер мен жаңа жеткізушілер үшін құс етін әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін алу құқығы көзделеді.  

Ведомство өкілдері аталған қағидаларға сәйкес Тарихи жеткізушілер арасында сиыр еті мен құс етін әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің алдыңғы 2 жылдағы деректері негізінде 2 кезеңде жүзеге асырылатынын атап өтті.

1-кезең: 31 желтоқсанға дейін 1-ші жыл мен 9 айдың деректері негізінде тарифтік квоталар көлемінің 25%-ы бөлінеді, 2-кезең: 15 сәуірге дейін өткен 2 жылдағы деректер негізінде тарифтік квоталар көлемінің 75%-ы бөлінеді.

Бұдан басқа, жаңа жеткізушілер арасында бөлу 1 наурыздан бастап кезектілік ретімен лимит біткенге дейін жүзеге асырылады, тарифтік квотаның мәлімделген көлемі бір жеткізушімен жалпы көлемнің 15%-ынан аспауы тиіс.

Өз кезегінде, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Саттар Сыздықов   осы процестердің тәсілдері мен  мониторингіне қатысты пікірін білдірген еді. ҚР СИМ жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаты - азаматтық диалогты жолға қою, таңдамай ашық жұмыс істеу, сондай-ақ Министрлікпен өзара іс-қимылды айқындау» - деп түйіндеді сөзін С. Сыздықов.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, жобалық кеңсе Министрлікке ҚР МКК және ҚР  ЦДАӨМ-мен бірлесіп тарихи жеткізушілер арасында квоталарды бөлу процестерін автоматтандыру мәселесін пысықтауды ұсынды.

  • 15.03.2021
  • 300
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика