• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар туралы хабардар етті

Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомствода атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсынылып, жүзеге асырылып жатқан жаңа тәсілдер туралы айтты.

Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін трансформациялауды жүзеге асырып жатқанын еске салды. Мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің санаттық қағидатынан мұқтаждықтың ашық және объективті критерийлеріне көшу жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы мен Қарағанды ​​облысында пилоттық жобаның нәтижелері негізінде бүкіл ел бойынша Бірыңғай цифрлық платформаны толық көлемде енгізу басталды.

«Мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге байланысты жергілікті деңгейдегі барлық бастапқы бизнес-процестер цифрландырылатын болады. Бұл бірыңғай жүйеде кадрлық іс жүргізуді, бухгалтерлік есепті, материалдық-техникалық базаны есепке алуды, сондай-ақ контингентті тіркеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсететін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Бірыңғай цифрлық платформа арқылы әл-ауқат деңгейін жаңадан бағалауға қол жеткізе алады. Бұл қызметтердің сапасын жақсартады, әлеуметтік жүйеге кәсіби кадрларды тартуға мүмкіндік береді.

Біз Бірыңғай цифрлық платформаның шеңберінде архитектурасы электрондық үкіметтің талаптарына толық сәйкес келетін «бұлтты бухгалтерияны» қолдануды ұсынамыз», - деді министр.

         Еңбек министрлігінің басшысы аталған тәсілдерді жүзеге асыру үшін қысқа мерзімде бірқатар мемлекеттік органдарды Бірыңғай цифрлық платформамен мүмкіндігінше тезірек біріктіру қажеттігін қосты:

1) Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, екінші деңгейдегі банктер азаматтардың шоттары карталары бойынша шығыс және кіріс операциялары бөлігінде;

2) Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру төлемдерінің мөлшері бойынша мәліметтер бөлігінде;

3) Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлер қызметінің айналымы, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша;

4) Қаржы министрлігі, Қазынашылық комитеті Еңбек министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы төлеу үшін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру бөлігінде  интеграциялау қажет.

«Бұл ретте, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздерінің барлық бастапқы бизнес-процестерін, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын толық цифрландыруды аяқтап, оларды біздің жүйемен интеграциялауы қажет. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын органдар жеке тұлғаларға гранттар, субсидиялар және басқа да қолдау түрлері түрінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы толық ақпаратты Бірыңғай цифрлық платформаға ұсынуы тиіс. Жаңа тәсілдер заңнамалық бекітуді талап етеді», – деп қосты Светлана Жақыпова.

Көші-қон саласында атқарылып жатқан шараларға тоқталған министр Еңбек ресурстарын дамыту орталығының базасында Көші-қон ағындары мәселелері жөніндегі талдау орталығы құрылып жатқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта Migration.Enbek.kz көші-қон процестерінің порталы жұмыс істейді. Бұл шетелдік жұмыс күшінің қозғалысын, этникалық оралмандарды тіркеуді және есепке алуды қоса алғанда, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де еңбек ресурстарының қозғалысына байланысты бизнес процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Шетелдік азаматтың кәсіптік тәжірибесін қазақстандық жұмысшыларға үйретуді көздейтін тәлімгерлік жүйесі енгізілді», – деп хабарлады Еңбек министрлігінің басшысы.

Жұмыс орындарын құрудың ашықтығы, сұраныстағы кәсіптерді болжау үшін Жобалардың инновациялық навигаторы енгізілді.

2030 жылға дейін құны 77,3 трлн. теңге болатын 1517 жобамен  229 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Қабылданып жатқан шаралар орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз етуге, білікті мамандарды тарту үшін алдын ала бағалау жүйесін енгізуге, көші-қон процестерін басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Сөзінің соңында ол зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы деңгейін лайықты ету бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Еңбек министрлігі алаңында ұлттық сарапшыларды, Ұлттық банктің, Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдерін тарта отырып сараптамалық топ құрылғанын хабарлады. Ағымдағы жылдың соңына дейін сараптамалық топ жұмысының нәтижелері бойынша ақпарат Үкіметке ұсынылатын болады.

  • 10.09.2025
  • 15
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика