• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров АӨК саласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы баяндады

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында министрлік қабылдайтын жүйелі шаралар туралы баяндады.
Негізгі назар — мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуына, аграрлық саланы цифрландыруға, аграрлық ғылымды қолдауға және ауыл шаруашылығы жерлерін заңды бөлуді қамтамасыз етуге аударылған.

Мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуы үшін жеке Кешенді жоспар әзірленетін болады.

«Бүгінгі таңда мал шаруашылығында тек қана бордақылау алаңдарына айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу қарастырылған, ол шектеулі және саланың қажеттіліктеріне толық көлемде жауап бермейді.

Жаңа бағдарламада нақты шаралар мен олардың қаржыландыру көздері айқындалатын болады. Оған екінші деңгейлі банктердің инвестицияларын тарту есебінен тауарлық шаруашылықтар мен құс фабрикаларына жылдық 5% мөлшерлемемен несиелеуді кеңейту; ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды табынын сатып алуға ұзақ мерзімді қаржыландыру; «Даму» институты арқылы 80%-ға дейінгі кепілдендіру тетігін енгізу кіреді. Бұдан бөлек, сала қызметкерлерінің отбасылары үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылып отыр, оның ішінде тегін білімге қолжетімділік пен кеңейтілген әлеуметтік пакеттер бар», – деді министр Үкімет отырысында.

Бұл құралдарды іске асыру 2030 жылға қарай ірі қара мал басын 12 млн басқа, ұсақ малды 30 млн басқа жеткізуге, ішкі нарықты қамтамасыз етуге және ет экспортын екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

Айдарбек Сапаров атап өткендей, мал шаруашылығының дамуы ветеринариялық қауіпсіздік жағдайымен тығыз байланысты.

Осыған байланысты жаңа ветеринариялық нысандарды жаңғырту және салу жүргізілуде. Жануарларды туғаннан бастап союға дейін толық қадағалауды қамтамасыз ететін сәйкестендіру жүйесі енгізілген. Келесі қадам — генетикалық цифрлық сертификаттарды енгізу және кеден органдарымен интеграцияны кеңейту.

Салаға тұрақты инвестиция тарту үшін 2025–2027 жылдарға арналған «АӨК инвестициясына тапсырыс» іске асырылатын болады, оның көлемі – 1,2 трлн теңге, 202 жобаға бағытталған. Негізгі басымдық — импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті арттыру.
Жобалар өңірлердің агроөндірістік әлеуетін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жобаларды іске асыру жыл сайын 2,5 млн тоннадан астам бидай өңдеуге, сондай-ақ 4,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Аграрлық ғылымды дамыту жоспары әзірленеді. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының жұмысы агробизнес қажеттіліктері мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға басымдық бере отырып қайта қаралады.

Алғашқы ғылыми шешімдер С. Сейфуллин атындағы университет базасындағы желілік агротехнопаркінде сынақтан өткізіліп, кейіннен кеңейтілетін болады. Аграрлық ғылымды одан әрі реформалау молекулалық селекция мен гендік инженерияны дамытуға, өнімнің шыққан елін анықтайтын зертханаларды құруға, құрғақшылыққа төзімді дақыл сорттарын әзірлеуге, климатқа бейімделген егіншілік пен органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталады», – деді министр.

Экспортты арттыру үшін астықты тасымалдауға кеткен шығындарды субсидиялау жалғасады.
ЕО елдерінің нарықтары мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға ашылып, фитосанитариялық кедергілер алынып тасталады.

Министрлік логистика, ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттарды ескеретін Аграрлық экспорттық жоспарды дайындайды. Бұл жоспар жаңа ЕО нарықтарына шығуды, фитосанитариялық кедергілерді жоюды, сондай-ақ логистикалық және ветеринариялық талаптарды ескеруді қамтамасыз етеді.

Жер заңнамасына түзетулер қабылданды, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасы және жасанды интеллект қолданылатын салалық спутниктік мониторинг жүйесі құрылуда.
Қайтарылған 13,7 млн га жердің 6,2 млн га-сы таратылды, 7,5 млн га қайта бөлінуге жатады.
Әр өңірге қалған жерлерді қайта бөлу бойынша көрсеткіштер бекітілді, ал әкімдіктерге жоспарларды бекітіп, жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажеттіліктерін ескере отырып, іске асыруға кірісу тапсырылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары үнемі бақылауда, оларды іске асыру үшін министрлік барлық қажетті шараларды қабылдайды», – деп түйіндеді министр.

  • 10.09.2025
  • 14
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика