- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАУ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Бүгін қала әкімдігінде өткен кеңесте Жолдауды жүзеге асыру тетіктері талқыланып, тақырып аясында баяндамалар жасалды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қала әкімі Президенттің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым мен технологияны дамытуға, әділетті қоғам орнатуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Президент жүктеген міндеттердің барлығы халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Жолдауда экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері айқын көрсетілді. Президенттің алға қойған міндеттері еліміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрбіріміз табандылықпен еңбек етіп, елдің игілігіне үлес қосуымыз қажет, – деді қала әкімі.
- 11.09.2025
- 14