- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Алматы қаласында RILO-Мәскеу қатысушы мемлекеттерінің Ұлттық байланыс тораптары басшыларының 24-ші отырысы өтті
RILO–Мәскеуге мүше мемлекеттердің Ұлттық байланыс тораптары (ҰБТ) басшыларының 24-ші отырысы Алматы қаласында өтіп, 9 елден 20 қатысушыны біріктірді.
*RILO-Мәскеу — бұл контрабандаға қарсы іс-қимыл саласында құқық қорғау ақпараттарымен алмасуды қамтамасыз ететін Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық құрылымы.
Отырыста қатысушылар Ұлттық байланыс тораптарының өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қорытындылады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің атқарған жұмысы туралы Оперативтік департаменттің аға жедел уәкілі Ерлан Бимақанов баяндады.
Өз сөзінде ол Агенттік тарапынан қаржылық қылмыстар мен тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Осылайша, анықталған 14 құқық бұзушылық туралы ақпарат Customs Enforcement Network (Дүниежүзілік кеден ұйымының желісі) дерекқорына енгізілді.
Сонымен қатар, Агенттік халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттарды анықтауға бағытталған төрт операцияға және екі халықаралық жобаға қатысты. Қаржылық мониторинг агенттігі алдағы уақытта да Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмысын жалғастыруды көздеп отыр.
- 11.09.2025
- 14