- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Біз елордамызды цифрлық трансформацияның үлгісіне айналдыру үшін ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз
Біз елордамызды цифрлық трансформацияның үлгісіне айналдыру үшін ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Smart City тұжырымдамасы аясында халықаралық G42 холдингімен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздік пен қалалық ортаны басқару саласында жасанды интеллект технологияларын енгізу жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Оның ішінде заманауи мегаполистер тәжірибесіне сүйене отырып, видеосараптаманың 35-тен астам түрі және жол қозғалысының ережелері бұзылғанын тіркеудің 15 әдісі енгізіліп жатыр.
Қоғам өкілдерімен, сарапшылар қауымдастығымен, жастармен, кәсіпкерлермен және мәслихат депутаттарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланды.
✔️Биыл Астанада EXPO аумағында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Бұл орталық ЖИ-экономиканы дамытуға, ғылыми зерттеулерді қолдауға, цифрлық салаға инвестициялар тартуға және өзге де маңызды бағыттардың дамуына серпін береді.
✔️Сол сияқты елордада тіршіліктің негізгі салаларына озық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жасанды интеллект модульдері азаматтардың өтініштерін нақты уақыт режимінде талдайды. Қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үдерісі толықтай цифрландырылған. Операторлардың жұмысы GPS-мониторинг және фотофиксация жүйесі арқылы жедел бақыланады.
✔️Денсаулық сақтау саласында маңызды қадам PACS жүйесін – жасанды интеллектісі бар цифрлық радиология енгізу болды. Ол 4 миллионнан астам зерттеуді бірыңғай мұрағатқа енгізіп, диагностикалау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
✔️Мектептер заманауи техникалық базамен жабдықталды, 143 STEM-кабинет ашылып, техникалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға жағдай жасалды. Алдағы уақытта жасанды интеллектіні оқып-үйренуге және қолдануға бағытталған сабақтарды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.
✔️Көлік саласында ЛРТ-ның GoA-4 деңгейіндегі ең жоғары автоматтандырылған басқару жүйесі енгізіліп жатыр, бұл жүйе пойыздардың қозғалысын машинистің қатысуынсыз толықтай автоматты режимде басқарады.
- 12.09.2025
- 7